Kaspersky Security Center дерекқорының атауын қарау

Барлығын жаю | Барлығын жию

Мысалы, SQL сұрауын жіберу және SQL скрипттер редакторынан дерекқорға қосылу қажет болса, дерекқордың атауын білу пайдалы болуы мүмкін.

Kaspersky Security Center дерекқорының атауын көру үшін:

  1. Kaspersky Security Center консолі шежіресінде тінтуірдің оң жақ түймесімен Басқару сервері түйінінің мәтінмәндік мәзірін ашып, Сипаттар тармағын таңдаңыз.
  2. Басқару сервері сипаттары терезесінде Кеңейтілген бөлімін, содан соң Ағымдағы дерекқор мәліметтері тармағын таңдаңыз.
  3. Ағымдағы дерекқор мәліметтері бөлімінде дерекқордың келесі сипаттарына назар аударыңыз (төмендегі суретті қараңыз):
    • Үлгінің атауы
    • Дерекқор атауы

    Ағымдағы дерекқор мәліметтері бөлімі келесі ақпаратты қамтиды: үлгінің аты, дерекқор аты, дерекқор файлының өлшемі, дерекқордағы деректер өлшемі және дерекқорда сақталатын оқиғалар саны.

    Басқару серверінің ағымдағы дерекқор мәліметтері бар бөлім

  4. Басқару сервері сипаттары терезесін жабу үшін OK түймесін басыңыз.

SQL сұрауларында дерекқорға қосылу және жүгіну үшін осы дерекқор атауын пайдаланыңыз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Оқиғаларды SIEM жүйелеріне экспорттауды конфигурациялау

Басына оралу